Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Жол жүрiсi туралы
37-бап. Жолдардың, теміржол өтпелерінің және басқа да жол құрылыстарының жай-күйіне жауапты лауазымды адамдарға және өзге де тұлғаларға қойылатын негізгі талаптар

Ст. 37 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Жолдардың, теміржол өтпелерінің және басқа да жол құрылыстарының жай-күйіне жауапты лауазымды адамдар және өзге де тұлғалар: 

1) жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын стандарттардың, нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкес жол жүрісіне қауіпсіз күйде күтіп-ұстауға; 

2) жекелеген жол учаскелерін пайдалану жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндірсе, олардағы жол жүрісіне кедергіні дер кезінде жою, жол жүрісіне тыйым салу немесе оны шектеу шараларын қолдануға міндетті. 

2. Жолдарда жұмыстардың жүргізілуіне жауапты лауазымды адамдар және өзге де тұлғалар жұмыс жүргізілетін жерлерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Осы жерлер, сондай-ақ жұмыс істемейтін жол машиналары, жұмыс аяқталғаннан кейін қалған, жол шегінен тысқары жерге шығарылуға болмайтын құрылыс материалдары, конструкциялар белгіленген нормаларға сәйкес келетін бағыттау және қоршау құрылғыларымен, жол белгілерімен, ал тәуліктің қараңғы мезгілінде және көріну жеткіліксіз жағдайларда қосымша қызыл немесе сары сигнал оттарымен белгіленуге тиіс. 

Жолдағы жұмыстар аяқталғаннан кейін көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жол жүрісі жағдайлары қамтамасыз етілуге тиіс. 

3. Тиісті лауазымды адамдар және өзге де тұлғалар: 

1) түрлі санаттағы мүгедектердің қажеттіліктерін ескере отырып, қалаларда және жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру және көліктік жоспарлау жөніндегі құжаттаманы, жолдарды жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарымен жабдықтауды; жолдарды, жол құрылыстарын салу, реконструкциялау жобаларын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен; 

2) жолдарда бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізудің схемалары мен маршруттарын уәкілетті органмен келіседі. 

Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...35 36 37 38 39 ...95

Перейти к статье






Добавить комментарий к 37-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V