Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
38-бап. Жолдың жүру бөлігінде жол жұмыстарын және басқа да жұмыстарды орындайтын субьектілерге қойылатын талаптар



Ст. 38 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Жолдың жүру бөлігінде жол жұмыстары және басқа да жұмыстар, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жолдың жүру бөлігінде жол жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

2. Жолдарда жұмыстардың жүргізілуіне жауапты лауазымды адамдар және өзге де тұлғалар жол жұмыстары және басқа да жұмыстар жүргізілетін жерлерде қозғалыс қауіпсіздігін:

1) елді мекендерде жол жұмыстары және басқа да жұмыстар жүргізілетін жерден кемінде елу метр және елді мекендерден тысқары жерлерде үш жүз метр қашықтықта жол жүрісіне қатысушыларды аталған жұмыстардың жүргізіліп жатқаны туралы ескертетін ақпарат қалқандары мен қажетті жол белгілерін орнату;

2) елді мекендерде жол жұмыстары және басқа да жұмыстар аймағында көлік құралдары қозғалысының ең жоғары рұқсат етілген жылдамдығын сағатына отыз километрден аспайтын, елді мекендерден тысқары жерлерде сағатына алпыс километрден аспайтын етіп белгілеу арқылы қамтамасыз етуге міндетті. Ұзақ қашықтықтағы жол жұмыстары және басқа да жұмыстар аймақтарында жылдамдықты шектеу тиісті белгілерді орнату арқылы жүйелі мерзімділікпен қайталанып отыруы қажет;

3) көлік құралдарының жол жүрісі жүзеге асырылуы қажет жолақтарды тиісті және анық көрінетін тігінен және көлденеңінен жол таңбаларымен белгілеу;

4) уәкілетті органмен бірлесіп, жол жұмыстары және басқа да жұмыстар аймағында көлік құралдары қозғалысының шектеулі жылдамдығының сақталуын бақылау жөніндегі іс-шараларды жүйелі жүргізу;

5) жолдың жүру бөлігінде жол жұмыстарымен және басқа да жұмыстармен айналысып жатқан адамдарды тәуліктің кез келген уақытында олардың алыс қашықтықтан көрінуін қамтамасыз ететін, халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін сигналдық қорғаныш киіммен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етуге міндетті.

3. Жолдың бұру жолақтарының шекараларында:

1) жолдарды салуға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге, жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ жол сервисі, жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін орналастыруға байланысты емес жұмыстарды орындауға;

2) жолға күтім жасауға, оны салуға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге, жөндеуге және күтіп-ұстауға арналмаған және жол сервисі, жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама обьектілеріне, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттеріне, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттеріне жатпайтын үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және басқа да объектілерді орналастыруға;

3) жолдың бұру жолағын күтіп-ұстау немесе жолды жөндеу жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, жер учаскелерін жыртуға, шөп шабуға, ағаш кесуді жүзеге асыруға және орман екпелері мен өзге де көпжылдық екпелерді зақымдауға, шым қабатты және топырақты ойып алуға тыйым салынады.

 Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 38-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V