Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
39-бап. Жол пайдаланушыларға қатысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету



Ст. 39 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Жолдарда тек мемлекеттік тіркеуден өткен және жарамды техникалық күйдегі көлік құралдарының жүруіне рұқсат етіледі.

2. Көлік құралдары жолдың жүру бөлігімен тек осы Заңның талаптарына және жол жүрісі қағидаларына сәйкес қозғалады.

3. Жолдарда:

1) жолдың жүру бөлігінде және тротуарда материалдарды жинап қоюға, оларды және заттарды сақтауға;

2) тұрақты және уақытша кіретін және шығатын жерлерді, басқа жолдармен қосылыстар және қиылыстар жасауға;

3) жолдың жүру бөлігіне кедергілер, шлагбаумдар орнатуға және басқа да тәсілдермен көлік құралдарының жол жүрісіне бөгет жасауға;

4) жол қызметінің, сыртқы (көрнекі) жарнаманың, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерінің, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің нұсқағыштарын қоспағанда, бұру жолағында жол жүрісіне жатпайтын белгілер, нұсқағыштар орнатуға;

5) әрбір бағытта көлік құралдарының жол жүрісі үшін жолдың бөлек жүру бөліктері болмаған және әртүрлі деңгейлерде жолдардың қиылыстары жайластырылмаған кезде көлік құралы қозғалысының жылдамдығын сағатына бір жүз километрден асатын етіп белгілеуге;

6) автомобильдердің, тракторлардың, басқа да өздігінен жүретін және тіркемелі көлік құралдарының зауыттық сынақтарын жүргізуге;

7) бекітілген белдеуге көлік құралдарын қоюға және жууға арналған алаңдарды орналастыруға;

8) уәкілетті органның рұқсатынсыз бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

4. Автомагистральдарда жаяу жүргіншілердің, сондай-ақ көлiк құралынан тыс жерде үй жануарларының болуына тыйым салынады.

 Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V