Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Жол жүрiсi туралы
41-бап. Елді мекендерді жоспарлау шеңберінде жол пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету

Ст. 41 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Елді мекендердің жолдарын жоспарлау кезінде барлық жол пайдаланушылардың қажеттіліктері орнықты қалалық жоспарлау, көлік қызметтеріне сұранысты басқару және жер ресурстарын пайдалану шеңберінде: 

1) қоғамдық көліктің басымдығы мен артықшылығын қамтамасыз ете отырып, халықтың жол жүруге сұранысын реттеу; 

2) межелі орындарға апаратын көлік құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету; 

3) елді мекендердің жолдары мен көшелерінде жол жүрісі қауіпсіздігін және олардың үздіксіз өткізу қабілетін қамтамасыз етуді ескере отырып, базарларды, адамдар жаппай жиналатын объектілерді жоспарлау мен орналастыру; 

4) географиялық және демографиялық жағдайларды ескеру; 

5) интеллектуалды көлік жүйесін енгізу; 

6) елді мекендерді, көліктік инфрақұрылымды жоспарлау және елді мекендер жерлерін пайдалану жөніндегі функцияларға жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды енгізу негізінде қамтамасыз етіледі. 

2. Елді мекендердің аумақтық-көліктік жоспарлау схемаларында, бас жоспарларында: 

1) жол жүрісінің қауіпсіз және үздіксіз ұйымдастырылуы; 

2) бекітілген техникалық сипаттамаларға сәйкес жол жүрісіне қатысушылардың жол-көлік оқиғаларының әсерінен жоғары қорғалу деңгейі; 

3) жерасты және жерүсті жаяу жүргінші өткелдерін салу арқылы көлік және жаяу жүргінші ағындарын бөлу; 

4) орынтұрақтардың, паркингтердiң, велосипед жүретiн жолақтың не велосипед жолдарының, сондай-ақ қоғамдық көлiкке, оның ішінде жеке бөлінген жол бойынша жүретін жеңіл рельсті көлікке және жедел медициналық жәрдем және өртке қарсы қызмет ұйымдарының арнайы көлiк құралдарына арналған жүру жолағының болуы; 

5) көлік құралдарының қарсы ағындарын қарсы жүру жолағына шығып кетуді шектейтін жол қоршауларымен бөлу; 

6) көлік құралдарының қиылысатын ағындарын әртүрлі деңгейлердегі көлік айрықтарымен бөлу; 

7) көлік құралдарының, халық пен өндірістің шектен тыс шоғырлануын болғызбау; 

8) көлік және инженерлік ифрақұрылымды қоса алғанда, елді мекеннің аумағын болжамды демографиялық, автомобиль, жол және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес келетін жол жүрісін ұйымдастыруды ескере отырып дамыту; 

9) жолдардың өткізу қабілетінің, көлік айрықтарының, көлік құралдарының орынтұрақтары мен паркингтерінің көлік құралдары шоғырлануына және елді мекендер аумақтарының құрылысына арақатынасы; 

10) елді мекендерді орнықты дамыту кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шаралар көзделуге тиіс. 

Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...39 40 41 42 42‑1 ...95

Перейти к статье






Добавить комментарий к 41-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V