Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
43-бап. Жол пайдаланушылардың ұтқырлыққа және қолжетімділікке қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қауіпсіз жол инфрақұрылымын әзірлеу



Ст. 43 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, жол иелері жол пайдаланушылардың ұтқырлыққа және қолжетімділікке қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қауіпсіз жол инфрақұрылымын:

1) жаңа инфрақұрылымды салу кезiнде көлiк құралдарының барлық түрлерiн есепке алу, оның iшiнде жолдар мен көшелердi интеллектуалды көлiк жүйелерiмен, велосипед жүретiн жолақтармен не велосипед жолдарымен, қоғамдық көлiкке, оның ішінде жеке бөлінген жол бойынша жүретін жеңіл рельсті көлікке арналған жүру жолақтарымен қамтамасыз ету;

2) жаңа жобалардың техникалық сипаттамаларында барлық жол пайдаланушылардың жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қажеттіліктерінің көрініс табуын қамтамасыз ететін жаңа жобалар мен жолдарға салынатын инвестициялар үшін ең төменгі қауіпсіздік рейтингілерін белгілеу және бекіту негізінде әзірлеуге міндетті.

 Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...42 42-1 43 44 45 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 43-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V