Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
47-бап. Көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету



Ст. 47 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жол жүрісі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық шарттардың талаптары негізінде жүзеге асырылады.

2. Тұтынушылар үшін көлік құралдарының қауіпсіздік көрсеткіштері туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган жыл сайын жаңа көлік құралдарының бәсең және белсенді қауіпсіздігін бағалаудың халықаралық рейтингтік жүйелеріне мониторинг жүргізеді.

Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын жобалау және жасау Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптар ескеріле отырып жүргізіледі.

Статья 1 ...45 46 47 48 49 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 47-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V