Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 52 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

Жол жүрiсi туралы
52-бап. Көлік құралын тоқтату негіздері мен тәртібі

Ескерту. 52-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 83-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға мыналар негіздер болып табылады: 

1) көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның талаптарын және (немесе) жол жүрісі қағидаларын бұзуы, оның ішінде сертификатталған арнайы техникалық құрал және аспап тіркеген жол жүрісі қағидаларын бұзуы; 

2) айдап әкетілген, ұрланған көлік құралдарын, сондай-ақ жүргізушілері жол-көлік оқиғалары, көлік құралдарын пайдаланумен байланысты өзге де қылмыстар болған жерден қашып кеткен көлік құралдарын іздестіру жөніндегі жұмыс; 

3) осы Заңның 54-бабы 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда көлік құралын беру қажеттігі; 

4) стационарлық полиция бекеттерінде, сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде жүргізушінің осы Заңның 54-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттарын тексеру; 

5) полиция бекеттерінде және бақылау-өткізу пункттерінде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру. Арнайы іс-шараларды жүргізу кезеңінде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру мақсатымен көлік құралдарын полиция бекеттерінен тыс жерде тоқтатуға жол беріледі; 

6) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың қозғалысты шектеу немесе оған тыйым салу туралы шешімдерін орындау; 

7) жүргізушіге және (немесе) жолаушыға (жолаушыларға) өздері куә болып табылатын жол-көлік оқиғаларының, әкімшілік құқық бұзушылықтың, қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы сауал қою қажеттігі; 

8) жол жүрісін реттеу. 

2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген негіздермен ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға тыйым салынады. 

3. Көлік құралын осы баптың 1-тармағына сәйкес тоқтатқан жағдайда, ішкі істер органдарының қызметкері мынадай әрекеттерді дәйектілікпен жасауға:  

1) көлік құралына кідірмей жақын келуге; 

2) өзін таныстыруға және жүргізушінің талап етуі бойынша қызметтік куәлігін танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін көрсетуге; 

3) көлік құралын тоқтату себебін түсіндіруге; 

4) егер көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның талаптарын және (немесе) жол жүрісі қағидаларын бұзуы сертификатталған арнайы техникалық құралдармен және аспаптармен тіркелсе, жүргізушіге тиісті материалдарды танысу үшін көрсетуге міндетті. 

4. Көлік құралын тоқтатуға негіздер болған кезде және ішкі істер органдарының қызметкері осы баптың 3-тармағында белгіленген барлық әрекетті орындағаннан кейін жүргізуші ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарын орындауға міндетті. 

Ескерту. Осы бапта арнайы іс-шаралар деп құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар жүргізетін жедел-профилактикалық, жедел-іздестіру, күзет іс-шаралары және терроризмге қарсы операциялар түсініледі. 

Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Статья 1 ...50 51 52 53 54 ...95

Перейти к статье






Добавить комментарий к 52-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V