Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
55-бап. Жолаушының құқықтары мен міндеттері



Ст. 55 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Жолаушының:

1) көлік құралы жүрісінің жағдайлары мен тәртібі туралы анық ақпаратты уақтылы алуға;

2) көлік құралымен қауіпсіз жол жүруге және багажды алып жүруге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда келтірілген залалды өтеттіруге құқығы бар.

2. Жолаушы:

1) ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз көлік құралын тастап кетпеуге;

2) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жол жүрген кезде оларды тағуға, ал мотоциклмен жол жүрген кезде – түймеленген мотошлем киюге;

3) тротуар немесе жол жиегі жағынан және толық тоқтағаннан кейiн ғана отыруды және түсуді жүзеге асыруға міндетті. Егер тротуар немесе жол жиегі жағынан отыру және түсу мүмкiн болмаса, бұл қауiпсiз болатын және жол жүрісіне басқа да қатысушылар үшiн кедергi келтірмейтін жағдайларда жолдың жүру бөлiгі жағынан жүзеге асырылуы мүмкiн.

3. Жолаушыларға:

1) көлiк құралының жүруі кезiнде жүргiзушiнi оны басқарудан алаңдатуға;

2) борт платформасы бар жүк автомобилiмен жол жүрген кезде түрегелiп тұруға, бортқа немесе борттардан биiк тұратын жүктің үстiне отыруға;

3) көлік құралының жүруі кезінде оның есіктерін ашуға, сондай-ақ терезесінен және люгінен басын шығаруға тыйым салынады.

Статья 1 ...53 54 55 56 57 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 55-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V