Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 56 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Жол жүрiсi туралы
56-бап. Жаяу жүргіншінің құқықтары мен міндеттері

1. Жаяу жүргіншінің құзыретті органдардан, жолдардың, өтпелердің және басқа да жол құрылыстарының иелерінен қауіпсіз жүру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді талап етуге құқығы бар. 

1-1. Жаяу жүргінші:  

1) тротуарлармен және жол жиектерімен, жаяу жүргінші жолдарымен және жүруге жайластырылған және ыңғайластырылған басқа да жерлермен жүріп-тұруға; 

2) жолдың жүретін бөлігін жаяу жүргінші өткелдерімен, оның ішінде жерасты және жерүсті өткелдерімен, көрінетін жерде олар болмаған кезде – тротуарлардың немесе жол жиектерінің бойымен жол қиылыстарында, көрінетін аймақта өткел немесе жол қиылысы болмаған кезде жолдың жүретін бөлігінің шетіне тік бұрышпен кесіп өтуге; 

3) жаяу жүргінші өткелінен тыс жерде жолдың жүретін бөлігін кесіп өткен кезде көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтірмеуге және жақындап қалған көлік құралдарының жоқ екендігіне көз жеткізбестен, маңайды шолуды шектейтін тоқтап тұрған көлік құралының тасасынан шықпауға; 

4) реттелмейтін жаяу жүргінші өткелдерінде жолдан өту өзі үшін қауіпсіз болатынына сенімді болғаннан кейін ғана жолдың жүретін бөлігіне шығуға; 

5) маршрутты көлік құралы мен таксиді – аялдама пункттерінде, ал олар болмаған кезде – тротуарда немесе жол жиегінде күтуге міндетті. 

2. Жаяу жүргіншіге: 

1) елдi мекенде бөлу жолағы болған кезде жолдың жүру бөлiгін жаяу жүргінші өткелінен тыс жерден, сондай-ақ жаяу жүргiншiлердің немесе жолдың қоршаулары орнатылған жерлерден өтуге; 

2) автомагистральдарда тұруға тыйым салынады. 

Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...54 55 56 57 58 ...95

Перейти к статье






Добавить комментарий к 56-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V