Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
61-бап. Көлік құралдарының, көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектердің сәйкестігін растау



Ст. 61 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Сәйкестігі міндетті расталуға (сертификатталуға немесе декларациялануға) жататын көлік құралдарын, көлік құралдарына орнатылатын және (немесе) пайдаланылатын жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігі оларды айналымға шығарудың қажетті шарты болып табылады.

2. Тіркелген көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға қатаң сәйкестікте жол беріледі.

Тіркелген көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістер көлік құралының тіркеу құжаттарында көрініс табуға тиіс.

3. Көлік құралдарының, көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектердің сәйкестігін растайтын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес берілген шетелдік сертификаттарды және өзге де құжаттарды тану Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде белгіленген нысандардың сәйкестігін растайтын сертификаттарға және өзге де құжаттарға оларды қайта ресімдеу арқылы техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынылған, көрмеге әкелінетін және нысаналы пайдаланылмайтын, сондай-ақ гуманитарлық көмек желісі бойынша берілетін көлік құралдары, оларға орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектер сәйкестікті міндетті растау объектілеріне жатпайды.

5. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес берілген дөңгелекті көлік құралдарын техникалық қарап тексерудің қолданыстағы сертификаты Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін бұрын тұтынылған көлік құралдарын айналымға шығарудың және оларды уәкілетті органда тіркеудің қажетті шарты болып табылады.

6. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін дөңгелекті көлік құралдарын техникалық қарап тексерудің шетелдік сертификаттарын тану Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Көлік құралдарының, көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен қосалқы бөлшектердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде сәйкестікті растау жөніндегі органдарға және сынақ зертханаларына жүктеледі.

Статья 1 ...59 60 61 62 63 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 61-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V