Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Жол жүрiсi туралы
66-бап. Көлік құралдары иелерінің құқықтары мен міндеттері

Ст. 66 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Көлік құралдары иелерінің: 

1) уәкілетті органнан көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы ақпарат және түсіндірме алуға; 

2) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуін таңдауға құқығы бар. 

2. Көлік құралдарының иелері: 

1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында механикалық көлік құралдарын сатып алғаннан немесе жеке пайдалану үшін шығарумен, ішкі тұтыну үшін шығарумен, Қазақстан Республикасына бір жылдан астам мерзімге уақытша әкелінгендерді шығарумен байланысты кедендік операциялар жасалғаннан кейін көлік құралдарын он жұмыс күні ішінде уәкілетті органда тіркеуге; 

2) көлік құралдарын, оларды міндетті түрде көрсету көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларында көзделген жағдайларда, уәкілетті органға көрсетуге; 

3) көлік құралын кәдеге жаратудың алдында немесе жоғалғаннан кейін не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты болуға көлік құралын әкетудің алдында механикалық көлік құралын мемлекеттік тіркеуді тоқтату үшін уәкілетті органға өтініш жасауға; 

4) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулылар болған кезде айыппұл төлеуге міндетті. 

Ескерту. 66-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...64 65 66 67 68 ...95

Перейти к статье






Добавить комментарий к 66-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V