Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
70-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы құжат, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі



Ст. 70 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Тіркелген көлік құралының иесіне көлік құралының мемлекеттік тіркелгенін растайтын тіркеу құжаты және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі беріледі.

Тіркеу құжаты көлік құралын басқаратын адамда болуға тиіс.

2. Тіркеу құжатының бланкілеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды дайындау, сақтау және есепке алу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

3. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін беру және оны жасау уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Статья 1 ...68 69 70 71 72 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 70-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V