Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Жол жүрiсi туралы
74-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары

Ст. 74 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Осы бапта белгіленген жасқа толған және көлік құралдарын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға тиісті даярлықтан кейін көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға рұқсат беріледі. 

2. Көлік құралдарын басқару құқығы: 

"А1" кіші санатындағы көлік құралдарын – он алты жасқа толған адамдарға; 

"А", "В" санаттарындағы және "В1", "С1" кіші санаттарындағы көлік құралдарын – он сегіз жасқа толған адамдарға; 

"С" санатындағы және "D1" кіші санатындағы көлік құралдарын – жиырма бір жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл "С1" санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға; 

"Tm" санатындағы көлік құралдарын – жиырма бір жасқа толған адамдарға; 

"D" және "Tb" санаттарындағы көлік құралдарын жүргізу – жиырма бес жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде "D1" санатына жатқызылатын көлік құралдарын кемінде үш жыл басқару өтілі бар адамдарға; 

"ВЕ", "СЕ", "DЕ" санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын – кемінде он екі ай бойы тиісінше "В", "С" немесе "D" санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға; 

"С1Е", "D1Е" кіші санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын – кемінде он екі ай бойы тиісінше "С", "D" санаттарындағы не "С1", "D1" кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға беріледі. 

3. "В", "С" санаттарындағы, сондай-ақ "С1" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихандар тапсыруға он жеті жасқа толған жəне жергілікті əскери басқару органдарының жолдамалары бойынша көлік құралдарының жүргізушілерін тиісті даярлаудан өткен, жүргізушілік жұмыс өтілі жəне "С1" санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі жоқ адамдар жіберіледі. 

Аталған адамдарға ұлттық жүргізуші куəліктері олар он сегіз жасқа толғанда беріледі. 

4. Әскери қызметшілерге тиісті даярлықтан кейін "D" санатындағы және "D1" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға он сегіз жасқа толғаннан кейін рұқсат етіледі. 

Аталған адамдар жиырма бір жасқа толғанға дейін оларға емтихан тапсыру нәтижелері бойынша берілген ұлттық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына ғана тиесілі "D" санатындағы және "D1" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын растайды. 

Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 83-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...72 73 74 75 76 ...95

Перейти к статье






Добавить комментарий к 74-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V