Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жол жүрiсi туралы
78-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тартуға және одан алып тастауға негіздер



Ст. 78 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V




1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тартуға:

1) осы Заңның 77-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбау;

2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анық еместігі және (немесе) толық болмауы;

3) осы баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өтініш берілген күнге дейінгі алты ай ішінде көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тасталуы негіздер болып табылады.

2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастауға:

1) оқу ұйымының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен ерікті түрде алып тастау туралы өтініші;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы қызметінің тоқтатылуы, оның таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы;

3) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу кезінде оқу ұйымы туралы көрінеу анық емес ақпарат беру;

4) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау саласында әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау негіздер болып табылады.

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімнен алып тастау туралы хабарлама оқу ұйымына уәкілетті орган тиісті шешімді қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.


Статья 1 ...76 77 78 79 80 ...95 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 78-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V