Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
82-бап. «Оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттау



Ст. 82 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Аттестаттауға жоғары техникалық немесе орта техникалық білімі, өздері оқытуды жүргізетін санаттағы жүргізуші куәлігі, кемінде бес жыл жүргізуші өтілі бар адамдар жіберіледі.

2. Аттестаттаудан өткен адамдар біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алады.

3. Аттестаттаудан өтпеген адамдарға біліктілік комиссиясы шешім қабылдаған кезден бастап үш ай өткеннен кейін одан қайта өтуге рұқсат етіледі.

Статья 1 ...80 81 82 83 84 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 82-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V