Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Жол жүрiсi туралы
86-бап. Оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің құқықтары мен міндеттері

Ст. 86 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің: 

1) кәсіптік қызмет үшін жағдайларды қамтамасыз ете отырып, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметпен айналысуға; 

2) кәсіптік бірлестікке кіруге; 

3) біліктілігін арттыруға; 

4) аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік бірлестіктердің шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар. 

2. Оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері: 

1) Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасын сақтауға; 

2) өзінің кәсіптік құзыреті саласында оқытудың тиісті теориялық және практикалық білімі мен дағдыларының болуы; 

3) көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге; 

4) оқып-үйренушілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. 

Ескерту. 86-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...84 85 86 87 88 ...95

Перейти к статье






Добавить комментарий к 86-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V