Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
88-бап. Міндетті техникалық қарап тексеру



Ст. 88 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлiк құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрiсiне қатысатын және уәкiлеттi органда тiркелген механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерi мiндеттi техникалық қарап-тексеруге жатады.

М1 санатындағы көлік құралдарына жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын және жүргізушінің орнынан басқа, сегізден аспайтын отыратын орны бар көлік құралдары жатады.

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулар орын алып, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, көлік құралдары иелерін міндетті техникалық қарап тексеруден қайталап өтуге жібереді.

Уәкілетті органның лауазымды адамдары механикалық көлік құралының міндетті техникалық қарап тексеруден өтуі фактісін тексеруді механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді сұрату арқылы жүзеге асырады.

2. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiне енгiзген техникалық қарап тексеру операторлары көлiк құралының тiркелген жерiне және көлік құралы иесiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан, мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткізеді.

Техникалық қарап тексеру операторлары жариялы шарт негiзiнде қызметтер көрсетедi.

3. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуді қоса атқаруға жол берiлмейдi.

Техникалық қарап тексеру операторының аумағында көлiк құралдарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуге жол берiлмейдi.

Техникалық қарап тексеру операторының аумағында көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу, тазалау және жуу бойынша қызметтерді қоса атқаруға және көрсетуге жол беріледі.

4. Техникалық қарап тексеру операторы:

1) техникалық қарап-тексерудiң стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзудi жүзеге асырады;

2) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындаған қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуді қамтамасыз етеді;

3) халықты қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы хабардар етеді;

4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Қызмет өңірін айқындау тәртібін көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда міндетті техникалық қарап-тексеруді техникалық қарап-тексерудің стационарлық желілері ғана жүзеге асырады.

Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қызмет өңірінің шегінде міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді қамтамасыз еткен техникалық қарап-тексеру операторы қызмет өңірінің шегінен тыс жерде міндетті техникалық қарап-тексеруді жүзеге асыруға құқылы.

5. Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу екі: дайындық және негізгі кезеңдерді қамтиды.

Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізудің дайындық кезеңі барысында көлік құралын сәйкестендіру және сәйкестендіру нәтижелерінің тіркеу және өзге де құжаттардың деректеріне сәйкестігін тексеру жүргізіледі.

Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізудің негізгі кезеңі барысында көлік құралының техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындау жұмысы (тексеру) орындалады.

6. Міндетті техникалық қарап тексеруден өту үшін көлік құралының иесі техникалық қарап тексеру операторына көлік құралын және көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынады.

Техникалық қарап тексеру операторы көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректерін және техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасындағы мәліметтерді механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесiне енгiзудi қамтамасыз етедi.

7. Егер көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу нәтижелері бойынша ақаулар және көлік құралы мен оның тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын жағдайлар анықталмаса, міндетті техникалық қарап тексеру өткізілді деп танылады.

Бұл жағдайда көлік құралы иесіне міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетіле отырып, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы беріледі.

8. Егер мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу нәтижелерi бойынша ақаулар және көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн пайдалануға тыйым салатын жағдайлар анықталса, мiндеттi техникалық қарап тексеру өткiзiлмеді деп танылады.

Бұл жағдайда көлiк құралы иесiне техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы ақаулары көрсетiле отырып берiледi.

9. Анықталған ақаулар және механикалық көлiк құралы мен оның тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын жағдайлар жойылғаннан кейiн механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесi оны қайта мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзуге ұсынады.

Механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерін қайта техникалық қарап тексеру алғашқы міндетті техникалық қарап тексеру өткізілген техникалық қарап тексеру орталығында не өзге де техникалық қарап тексеру орталығында өткізіледі.

Механикалық көлiк құралы мен оның тіркемелерін алғашқы мiндеттi техникалық қарап тексеру өткізілген техникалық қарап тексеру орталығында қайта техникалық қарап тексеруден өткiзу кезінде техникалық қарап тексеру белгiленген критерийлерге сай болмаған және техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасында көрсетiлген позициялар бойынша ғана жүргiзiледi. Бұл жағдайда төлем қайтадан тексерiлетiн позицияларды тексергені үшiн ғана алынады.

Мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу кезiнде ақаулар анықталғаннан кейiн қайта мiндеттi техникалық қарап тексеруге механикалық көлiк құралы мен оның тіркемелерін ұсынудың ең ұзақ мерзiмi күнтiзбелiк он күндi құрайды.

10. Механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесі анықталған ақауларды және механикалық көлiк құралы мен оның тiркемелерiн пайдалануға тыйым салатын жағдайларды жою жөніндегі жұмыстардың орындалатын жерін және оның орындаушысын өзі анықтайды.

11. Егер міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу барысында техникалық қарап тексеру операторы механикалық көлік құралының техникалық ақауларын анықтамаса не мұндай ақауларды анықтап, бірақ бұлар туралы мәліметтерді техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасына енгізбесе, техникалық қарап тексеру операторы механикалық көлік құралы иесінің не үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне осындай ақаулардың салдарынан келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге міндетті.

12. Техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден бас тартуына:

1) көлік құралы иесінің көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынбауы;

2) иесінің көлік құралын ұсынбауы;

3) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) уәкілетті органмен келісілмей ауыстырылған көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруге ұсыну;

4) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруге ұсыну негіздер болып табылады.

13. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кестесін келіседі.

Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...86 87 88 89 90 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 88-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V