Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
90-бап. Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификаты



Ст. 90 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесі халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатын алу үшін жергілікті атқарушы органға өтініш береді және оған мынадай құжаттарды:

1) халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатын беру үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті;

2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3) техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасының көшірмесін қоса береді.

2. Жергілікті атқарушы орган құжаттары қоса беріліп отырған өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесіне халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатын береді.

3. Осы баптың 1-тармағында санамаланған құжаттар болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралы мен оның
тіркемелерінің иесіне бас тарту себептерін көрсете отырып, халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатын беруден дәлелді бас тартуды жазбаша түрде жібереді.

4. Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификаты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес беріледі.

5. Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификаты жоғалған немесе бүлінген кезде көлік құралы иесінің халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының телнұсқасын алуға құқығы бар.

Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының телнұсқасын алу үшін көлік құралы иесі жергілікті атқарушы органға өтініш береді және халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті ұсынады.

Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының жоғалған немесе бүлінген бланкісі жергілікті атқарушы органға оның жоғалғаны немесе бүлінгені туралы өтініш берілген күннен бастап жарамсыз деп танылады.

6. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазбасы бар халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының телнұсқасын береді.

7. Көлік құралы иесі халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті ұсынбай өтініш берген жағдайда, жергілікті атқарушы орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімде халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының телнұсқасын беруден жазбаша нысанда бас тартады.

8. Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификаты техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасында көрсетілген мерзімге сәйкес келетін мерзімге беріледі.

 Ескерту. 90-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...88 89 90 91 92 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 90-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V