Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ақпаратқа қол жеткізу туралы

Ақпаратқа қол жеткізу туралы
19-бап. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия



Ст. 19 Ақпаратқа қол жеткізу туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ



Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган жанынан консультативтік-кеңесші орган – Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылады.

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық пен ашықтық негізінде жүзеге асырылады.

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Ақпаратқа қол жеткізу туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ