Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ақпаратқа қол жеткізу туралы

Ақпаратқа қол жеткізу туралы
7-бап. Ақпарат пайдаланушының құқықтары мен міндеттері



Ст. 7 Ақпаратқа қол жеткізу туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ



1. Ақпарат пайдаланушының:

1) заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпарат алуға және таратуға;

2) ақпарат беру туралы сұрау салумен өтініш жасауға;

3) алынатын ақпараттың нақтылығы мен толықтығын тексеруге;

4) сұрау салуды кері қайтарып алуға;

5) ақпарат алу қажеттілігін негіздемеуге;

6) ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне, лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

7) өзінің ақпаратқа қол жеткізуге құқығын бұзумен келтірілген материалдық залалдың және моральдық зиянның заңда белгіленген тәртіппен өтелуін талап етуге құқығы бар.

2. Ақпарат пайдаланушы осы Заңның талаптарын сақтауға міндетті.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Ақпаратқа қол жеткізу туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ