Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ақпаратқа қол жеткізу туралы
9-бап. Ақпарат иеленушінің құқықтары мен міндеттері



Ст. 9 Ақпаратқа қол жеткізу туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ



1. Ақпарат иеленушінің:

1) құзыретіне сұратылатын ақпаратты беру кіретін тиісті ақпарат иеленушіге сұрау салу жіберуге;

2) сұрау салумен өтініш жасаған адамнан сұрау салудың мазмұнын нақтылауға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша ақпарат беруден бас тартуға құқығы бар.

2. Ақпарат иеленуші:

1) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

2) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды өз өкілеттіктері шегінде қамтамасыз етуге;

3) анық және толық ақпарат беруге;

4) берілетін ақпаратта лауазымды адам туралы мәліметтердің сәйкестендіру үшін жеткілікті көлемде болуын қамтамасыз етуге;

5) ақпарат берудің заңда белгіленген мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

6) сұрау салулардың есебін, жинақтап қорытуды және талдауды жүргізуге;

7) ақпарат беру кезінде мүгедектер үшін қажетті жағдайлар жасауға;

8) ақпарат қамтылған интернет-ресурстардың іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

9) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы лауазымды адамдар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;

10) ақпарат берудің сапасы мен уақтылығына ішкі бақылау жүргізуге;

11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасын сақтауға;

12) қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылмайтын ашық деректер интернет-порталында ашық деректер түріндегі ақпаратты тұрақты негізде орналастыруға;

13) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген міндеттерге қосымша ретінде орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның басшылары, әкімдер және ұлттық жоғары оқу орындарының басшылары халық алдында атқарылған жұмыс туралы есеп беруге міндетті.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ақпаратқа қол жеткізу туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Ақпаратқа қол жеткізу туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ