Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 4 Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Бағалы металдар мен асыл тастар туралы
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) бағалы металдарды өндіру, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

2) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлейді;

3) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлейді;

4) Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын әзірлейді;

5) сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

5-1) атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

6) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына нормативтік құжаттарды бекітеді;

7) қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растайды;

8) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9) шикізат тауарларының түрлері бойынша жеке-дара технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітетін тізбедегі әрбір бағалы металдарды өндіру субъектісі үшін құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін белгілейді;

10) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

10-1) аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...15

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться