Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 6 Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Бағалы металдар мен асыл тастар туралы
6-бап. Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы кезіндегі мемлекеттік бақылау

1. Уәкілетті орган: 

1) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде; 

2) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде; 

3) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. 

4) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және мыналарды: 

1) түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қоспағанда, бағалы металдар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары партиясының ілеспе құжаттарда, оның ішінде нормативтік техникалық және (немесе) техникалық құжаттамада көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеруді; 

2) әлемдік нарықтағы бағаларды ескере отырып, бағалы металдар құнын бағалауды; 

3) бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының шығу көзін айқындауды; 

4) бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен мәмілелер жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды; 

5) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдар құрамын бақылауды; 

6) бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдар құрамы туралы құжаттар негізінде Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігін (мүмкін еместігін) және экономикалық тұрғыдан орындылығын (орынсыздығын) тексеруді немесе Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығын немесе мүмкін еместігін тексеруді қамтиды. 

3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кедендік бекеттер арқылы жүзеге асырылады. 

4. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және осы баптың 2-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген әрекеттерді қамтиды. 

5. Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексеру мен профилактикалық бақылау және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 

5-1. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады. 

5-2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, оның ішінде: 

1) мемлекеттік бақылау субъектілері, мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар берген; 

2) ақпараттық жүйелерден алынған; 

3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырады. 

5-3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүзеге асырады. 

5-4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, хабарлама ресімдейді және жібереді. 

5-5. Хабарлама бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. 

Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда: 

1) қолма-қол – бақылау субъектісі алғаны туралы хабарламада белгі қойған күннен бастап; 

2) поштамен – тапсырысты хатпен; 

3) электрондық тәсілмен – бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап бақылау субъектісіне табыс етілді деп есептеледі. 

5-6. Сұрау салудың өзінде орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны бақылау субъектісі ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындауға тиіс. 

5-7. Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны жіберген техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. 

5-8. Алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді. 

6. Мынадай: 

1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау нәтижелерін уәкілетті орган: 

әкелу кезінде – тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі нысанында; 

қайта өңдеуге әкелу кезінде – тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі, тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат нысанында; 

әкету кезінде – тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі, экспортқа берілген лицензия және Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды нысанында; 

қайта өңдеуге әкету кезінде – тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі, тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат, Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды нысанында ресімдейді; 

2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау нәтижелерін уәкілетті орган тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі нысанында ресімдейді; 

3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау нәтижелерін уәкілетті орган: 

қайта өңдеуге әкелу кезінде – тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат нысанында; 

әкету кезінде – экспортқа берілген лицензия және Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды нысанында; 

қайта өңдеуге әкету кезінде – тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат, Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды нысанында ресімдейді. 

7. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы әкетілетін бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдар құрамын бақылау: 

экспортты лицензиялаудың рұқсат беру рәсімдері кезінде бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдар құрамы туралы құжаттарды ұсыну; 

Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды беру; 

Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру; 

құрамында бағалы металдар бар әкетілетін шикізат тауарларының әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін ресімдеу арқылы жүзеге асырылады. 

Құрамында бағалы металдар бар әкетілетін шикізат тауарларынан олардағы бағалы металдар құрамын мемлекеттік бақылау мақсатында көрсетімдік сынамаларды іріктеу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша сынамаларды іріктеу туралы акт ресімделе отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік техникалық құжаттамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 

Мемлекеттік бақылау мақсатында бағалы металдар құрамы туралы құжатты аккредиттелген сынақ зертханасы береді және онда құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәлімет қамтылуға тиіс. 

8. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мемлекеттік бақылау: 

1) бағалы металдарды, оның ішінде бағалы металдардан жасалған монеталарды әкелу және (немесе) әкету кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты; 

2) жеке тұлғалардың бағалы металдарды және (немесе) асыл тастарды, оның ішінде зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелуі және (немесе) әкетуі кезінде; 

3) бағалы металдар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың радиоактивтік және тұрақты изотоптарын әкелу және (немесе) әкету кезінде; 

4) құрамында бағалы металдар және (немесе) асыл тастар бар мәдени құндылықтарды әкету кезінде жүзеге асырылмайды. 

Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...15

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться