Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Табиғи монополиялар туралы

Табиғи монополиялар туралы
14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi



Ст. 14-1 Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272




1. Уәкiлеттi орган:

 РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақшаның бұл редакциясы 01.01.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

1) мынадай:

тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін заңсыз көтеру;

неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, сондай-ақ энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижесінде, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын, сондай-ақ осы Заңның 15-3-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) іс-шараларын орындамау;

амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау;

неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, сондай-ақ энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижесінде, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын қоспағанда, тарифтік сметадағы шығындар баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшерлердің бес пайызынан астамын орындамау жағдайларында табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.

Өңірлік электр желісі компаниясына уақытша өтемдік тариф бекіту туралы шешім осы тармақшаның бірінші бөлігінің екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда ғана қабылдануы мүмкін.

Уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім, осы тармақшаның бірінші бөлігінің екінші және (немесе) бесінші абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін қабылданады;

2) табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге немесе өзгертуге өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуын өтінімнің берілу нысанына қарай жазбаша не электрондық құжат түрінде негіздеуге;

3) тұтынушыларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;

 РҚАО-ның ескертпесі!

4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

4) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімдерін қараған, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектілерін алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні туралы хабардар еткен кезде жария тыңдауларды өткізуге;

 РҚАО-ның ескертпесі!

4-1) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

4-1) тармақшаның бұл редакциясы 01.01.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

4-1) өңірлік электр желілері компаниялары үшін өздері айқындайтын тәртіппен техникалық сараптама жүргізуге;

5) мыналардың:

 тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтудiң;

тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсынудың;

 уақытша төмендету коэффициентiн бекiтудiң;

уақытша өтемдік тарифті бекiтудiң;

сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеудің және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтарудың тәртібін айқындауға;

5-1) мыналарға:

табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын;

шығындары табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;

6) осы Заңның бұзылу жағдайлары және кiнәлi адамдардың жауапқа тартылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге;

6-1) шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында:

 РҚАО-ның ескертпесі!

6-1) тармақшаның екінші абзацын алып тастау көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

реттелетін нарық субъектісінің босату бағалары туралы хабарламаға немесе ақпаратқа немесе реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратқа сараптама нәтижелері бойынша уәжді қорытындыны;

 РҚАО-ның ескертпесі!

6-1) тармақшаның үшінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

табиғи монополиялар субъектiлерiнің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімдерін қараған, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субьектілерін алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағалардың өсетiнi туралы хабардар еткен кезде жария тыңдаулар өткізу туралы ақпаратты;

сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеудің нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару туралы ақпаратты орналастыруға;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

2. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.05 N 166 Заңымен.

 Ескертпе. Алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 364 Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.14 N 120, 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.15 № 255-IV, 2011.07.05 N 452-IV (13.10.2011 қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...13 14 14-1 15 15-1 ...23 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-1-бап Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272