Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Табиғи монополиялар туралы

Табиғи монополиялар туралы
15-2-бап. Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті бекіту тәртібі



Ст. 15-2 Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272



1. Салыстырмалы талдау әдісі қолданылатын тариф электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен салыстырмалы талдау әдісі қолданылатын тарифті есептеу әдістемесіне сәйкес әрбір өңірлік электр желісі компаниясы үшін жылдарға бөле отырып бес және одан көп жылға бекітіледі және оның қызметінің тиімділігі ескеріліп, жыл сайын түзетіледі.

2. Өңірлік электр желісі компаниясы көрсетілетін қызметтердің нақты (өткен күнтізбелік жыл үшін) және жоспарланып отырған (алдағы күнтізбелік үш жылға арналған) шығындары мен көлемдері туралы, сондай-ақ негіздеуші материалдарды қоса бере отырып қызметтің техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпаратты жыл сайын 31 тамыздан кешіктірмей беруге міндетті.

Ақпаратты беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес өңірлік электр желісі компаниясы берген ақпаратты уәкілетті орган жыл сайын ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен бастап күнтізбелік сексен бес күннің ішінде қарайды.

Уәкілетті орган тарифті бекіту кезінде жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты жария тыңдауларды өткізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мерзімді баспа басылымдарында жариялауға міндетті.

Жария тыңдаулар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тарифті бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей өткізіледі.

Уәкілетті орган берілген ақпаратты қарау және өткізілген жария тыңдаулардың нәтижелері бойынша тарифті бекіту туралы шешім қабылдайды, оның көшірмесі тарифті қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмей өңірлік электр желісі компаниясына жіберіледі.

Уәкілетті орган айқындайтын күннен бастап қолданысқа енгізілуі жүзеге асырылатын төтенше реттеуші шара ретінде бекітілген тарифті қоспағанда, тарифті қолданысқа енгізу тарифті бекіткен айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

4. Өңірлік электр желісі компаниясы тарифтің өзгеруі туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткізуге міндетті.

5. Осы Заңның 15-1-бабы 2-тармағының, оның бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларын қоспағанда, 16, 17 және 18-баптарының талаптары салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті бекіту тәртібіне қолданылмайды.

Ескерту. Заң 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.03.15 № 255-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...15 15-1 15-2 15-3 16 ...23 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-2-бап Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272