Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Табиғи монополиялар туралы

Табиғи монополиялар туралы
15-3-бап. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оның орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу тәртібі



Ст. 15-3 Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272



1. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті органға және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органға ұсынады.

2. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нысанын, оның орындалуы туралы ақпараттың нысанын және бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурста жариялауға арналған нысанды уәкілетті орган айқындайды.

Табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.

Инвестициялық бағдарламада (жобада) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды, олар табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің өсуіне алып келмейтін жағдайда іске асыруға, сондай-ақ бір немесе бірнеше инвестициялық жобаны қамтитын, техникалық-экономикалық әсер алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражат айқындалады.

3. Уәкілетті орган, осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) ұсынылған кезінен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шешім қабылданғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасын (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып) жібереді не уәкілетті орган және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган қол қойған уәжді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы табиғи монополия субъектісін хабардар етеді.

Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы табиғи монополия субъектісі ұсынған немесе осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган түзеткен инвестициялық бағдарламаның (жобаның) бекітілуін көздейді.

Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялық бағдарламаны (жобаны) уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда және тәртіппен оны бекітуге ұсыну, оны іске асыру және оның орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу кезеңінде түзетуге құқылы.

Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімді жібереді не уәжді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабарлайды.

Уәкілетті орган немесе осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы ақпаратты енгізген жағдайда, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау мерзімі он жұмыс күніне ұзартылады.

Табиғи монополия субъектісі осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органмен келісу бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ете отырып, тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекiту кезiнде ескерілмеген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын ауыстыруға немесе алып тастауға құқылы.

4. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту үшін:

1) инвестициялық бағдарламаның (жобаның) экономикалық тиімділігінің болмауы;

2) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру көздерінің болмауы;

3) осы баптың 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес ұсынылатын негіздейтін құжаттардың болмауы;

4) бұрыс ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну негіз болып табылады.

Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден өзге де негіздер бойынша бас тартуға жол берілмейді.

5. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді.

Әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.

6. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім уәкілетті органның және осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен ресімделеді.

Әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша уәкілетті органның құқықтық актісімен ресімделеді.

7. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, бір мезгілде уәкілетті органға және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органға:

1) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемдері туралы ақпаратты;

2) пайдалар мен шығындар туралы есепті;

3) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшерлері туралы ақпаратты;

4) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындаудың нақты көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламада (жобада) бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;

5) қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің инвестициялық бағдарламада (жобада) бекітілген көрсеткіштерден ауытқу себептерінің түсіндірмесін қамтитын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.

8. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратты талдауды уәкілетті орган және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган ұсынылған кезінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізеді.

9. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу мынадай:

1) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру барысы туралы ақпарат жинау;

2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) қол жеткізілген нақты көлемін және нақты шығындарды талдау;

3) қол жеткізілген нақты қаржылық нәтижені инвестициялық бағдарламада (жобада) қабылданған көрсеткіштермен салыстыру;

4) тариф (баға, алым мөлшерлемесі) деңгейінің немесе оның шекті деңгейінің өзгеруіне, жаңа объектілерді салу немесе жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде табиғи монополия субъектісі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) сұраныстың өсуіне инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың әсерін бағалау;

4-1) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыруды бағалау;

5) табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратты талдау нәтижелері туралы қорытынды дайындау кезеңдерін қамтиды.

10. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер (шарттың екінші тарапының міндеттемелерді орындамауы, конкурс (тендер) өткізілмеді деп тану, еңсерілмейтін күш салдары) бойынша орындамаған жағдайда, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындау мерзімдері инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шаралары іске асырылатын жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету арқылы келесі жылға ауыстырылуы мүмкін. Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) осы іс-шараларын орындау мерзімдерін қайталап ауыстыруға жол берілмейді.

Ескерту. Заң 15-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...15-1 15-2 15-3 16 17 ...23 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-3-бап Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272