Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы
18-1-бап. Табиғи монополиялар саласында жүзеге асырылатын іс-әрекеттерді хабарлаудың немесе келісудің негіздері мен тәртібі



Ст. 18-1 Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272



1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не тиiстi тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында мынадай іс-әрекеттерді жасауға:

1) егер табиғи монополия субъектiсiнiң иеліктен шығарылатын мүлкінің не ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, олар табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған мүлкiмен мәмiлелер жасасуға;

2) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

2-1) мүлiктi жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнынан 0,05 процент астам болатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;

 РҚАО-ның ескертпесі!

3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасында белгіленген қызметті қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңмен рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына уәкілетті органның алдын ала хабарламасын не келісімін алу талап етіледі. Осы тармақшаның талаптары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау жөніндегі функцияларды орындауына байланысты оның өзге қызметті жүзеге асыру жағдайына қолданылмайды;

 РҚАО-ның ескертпесі!

4) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

4) табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуына, сондай-ақ оның осы Заңмен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына уәкілетті органның алдын ала хабарламасы не келісімін алу талап етіледі.

Осы тармақшаның талаптары Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының қызметіне табиғи монополия субъектісі қатысатын жағдайларға қолданылмайды;

 РҚАО-ның ескертпесі!

4-1) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

4-1) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерінің) оннан астам процентiн сатып алуына;

5) табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуына және таратылуына уәкілетті органның алдын ала хабарламасы немесе келісімін алу талап етіледі.

1-1. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттiк органмен бiрлесiп бекiтедi.

 РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақтың бұл редакциясы 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға мұндай әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтінішхат ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.

Өтінішхат беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

Табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетін кірістері күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде нарық субъектісінің барлық қызметінен түсетін кірістердің бір пайызынан аспайтын табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасардан кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы ақпарат жіберуге міндетті.

Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетiлген әрекеттердi жасау үшiн жеке немесе заңды тұлға уәкiлеттi органға ақпаратты алдын ала жіберуге мiндеттi.

Әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді жасардан кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы хабарлама жіберуге міндетті.

 РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Табиғи монополия субъектiсi осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн мынадай шарттардың орындалуын қосымша қамтамасыз етуге мiндеттi:

1) осы қызметтен табиғи монополия субъектiсi алатын табыстар оның жүзеге асырылуына қажеттi шығындарды жабуға тиiс;

2) қызметтi жүзеге асыру тиiстi қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногында бәсекелестiктi шектеуге әкеп соқпайды.

Табиғи монополия субъектiсi осы тармақта көзделген шарттардың орындалуы туралы есептi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынуға мiндеттi.

Осы тармақта көзделген талаптар әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілеріне қолданылмайды.

 РҚАО-ның ескертпесі!

3-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

3-1. Әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі хабарлама жіберген кезде мынадай шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті:

1) өзге қызметтен алынатын табыстар оны жүзеге асыру үшін қажетті шығындарды жабуы тиіс;

2) қызметті жүзеге асыру тиісті көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығында бәсекелестікті шектеуге әкелмеуі тиіс;

3) өзге қызметті жүзеге асыру табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері мен сапасының төмендеуіне әкеп соғатын, өндіріс пен реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін қажетті негізгі және қаржы қаражатын бөлуге әкеп соқпауы тиіс.

Әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері тарапынан осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

3-2. Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополия субъектісі оны жүзеге асырғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын уәкілетті органға осы қызметті көрсететіні туралы хабарлама жіберуге міндетті.

4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру осы баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында аталған салдарларға әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ, егер өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды табыс етпеген не оларда ұсынылған ақпарат дұрыс болмаған жағдайларда, уәкiлеттi орган оны қабылдамайды.

5. Уәкiлеттi орган өтiнiмдi оны алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей қарайды және өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны өтiнiш берушiден сұратуға және өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бiрге осындай сауал салу өтiнiш берушiге жiберiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.

6. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға өтiнiш берушi сот тәртiбiмен шағымдана алады.

Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 2002.12.26 N 364, өзгерістер енгізілді - 2004.12.09 N 9, 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 166, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.15 № 255-IV, 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...17 18 18-1 18-2 18-3 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-1-бап Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272