Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы
18-4-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруының ерекшеліктері



Ст. 18-4 Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272



1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу осы баптың 4, 4-1 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.

2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:

1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтығы мен жариялылығы;

2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;

3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестік;

4) отандық тауар өндірушілерді және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерді қолдау;

5) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

6) сапалы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу;

7) табиғи монополия субъектісі сатып алатын тауарлардағы (жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту үлесін ұлғайту;

8) қабылданатын шешімдерді бақылау және олар үшін жауапкершілік;

9) сатып алу процесіне делдалдардың қатысуын барынша азайту қағидаттарын сақтай отырып өткізеді.

2-1. Табиғи монополия субъектiсi:

1) электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған, тиiстi тауар нарығында электр энергиясының тапшылығы болған;

2) табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға қойылатын, электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуға арналған шарттарға сай келмеген;

3) электр энергиясын беру және бөлу салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағымының жоспарлыдан ауытқуларына өтем жасау мақсатында электр энергиясын сатып алған;

4) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ тарату ұйымдарынан газ сатып алған;

5) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алған жағдайларды қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алуды тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады.

 3. Сатып алуды өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Бұл тәртіп сатып алуды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес;

дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополия субъектілері жүргізген жағдайларға қолданылмайды.

Жанама тиесілілік табиғи монополия субъектілері акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында келесі ұйым арқылы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі екенін білдіреді.

3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде өкiлдiк етуге құқылы.

4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда табиғи монополия субъектісі сатып алуды бір көзден алу, екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, оның ішінде электрондық сатып алу арқылы жүзеге асыра алады.

4-1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Табиғи монополия субъектiсi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген шектi мөлшерден асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

5-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң екi және одан да көбiрек аффилиирленген тұлғаларының, Қазақстан Республикасы Yкiметi белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.

6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.

 РҚАО-ның ескертпесі!

7-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткiзуге мiндеттеуге құқылы.

8. Табиғи монополия субъектісі тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тендер өткізу туралы талаптарды бұзған жағдайда, уәкілетті орган:

1) егер бұзушылықтарды уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімді қарау барысында анықтаса, табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімін қабылдамауға;

2) егер тұтынушыларға залал келтірген бұзушылықтарды уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің қолданылуы кезеңінде анықтаса, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін өзгертуге бастамашылық жасауға және табиғи монополия субъектісі келтірген залалдарды тұтынушыларға өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға құқылы.

 РҚАО-ның ескертпесі!

9-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне және өңірлік электр желілері компанияларына қолданылмайды.

Ескерту. Заң 18-4-баппен толықтырылды - ҚР 2002.12.26 N 364, Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 9, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.04 N 166-IV, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.15 № 255-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 РҚАО-ның ескертпесі!

18-5-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...18-2 18-3 18-4 18-5 18-6 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-4-бап Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272