Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Табиғи монополиялар туралы

Табиғи монополиялар туралы
18-7-бап. Табиғи монополия субъектiсiн және реттелетін нарық субъектісін тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органның шешiмi



Ст. 18-7 Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272



 РҚАО-ның ескертпесі!

18-7-баптың бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн немесе реттелетін нарық субъектісін тексеру қорытындылары туралы актісін қарау нәтижелерi бойынша:

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздердiң жоқтығы туралы қорытынды жасайды;

2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғайды;

 РҚАО-ның ескертпесі!

3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) табиғи монополия субъектiсiне немесе реттелетін нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактiлерiн жою туралы нұсқама шығарады;

 4) материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына береді;

5) материалдарды қарау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн өзге де мемлекеттiк органдарға бередi.

Ескерту. Заң 18-7-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.15 № 255-IV; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18-5 18-6 18-7 19 19-1 ...23 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-7-бап Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272