Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Табиғи монополиялар туралы
19-1-бап. Уәкiлеттi органның ұйғарымдары

Ст. 19-1 Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Уәкiлеттi органның ұйғарымдарын табиғи монополиялар субъектiлерi, мемлекеттiк органдар, олардың басшылары шешiмдерде (ұйғарымдарда) көзделген мерзiмде, бiрақ оларды алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей орындайды. 

2. Мемлекеттiк органдар осы Заңды бұза отырып қабылданған актiлердi жою немесе өзгерту туралы, не бастапқы жағдайдағы қалпына келтiру жөнiндегi ұйғарымдарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы актiлердi (толық немесе iшiнара) жарамсыз деп тану туралы және (немесе) бастапқы жағдайдағы қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы. 

3. Табиғи монополия субъектiсi ұйғарымды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн ұйғарымда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсынуға құқылы.  

Ескерту. Заң 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.09 N 9, өзгеріс енгізілді - 2008.12.29 N 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...18‑7 19 19‑1 20 21 ...23

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-1-бап Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272