Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Табиғи монополиялар туралы

Табиғи монополиялар туралы
19-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары



Ст. 19 Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272



 РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Осы Заңды бұзған жағдайда табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектiлерi, мемлекеттiк органдар олардың басшылары:

1) осы Заңды бұзуды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға;

2) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада көрсетiлген өзге iс-әрекеттердi жасауға;

3) келтiрiлген залалды және (немесе) зиянды тiкелей немесе тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) уақытша төмендету арқылы өтеу үшiн шаралар қолдануға;

4) осы Заңға сәйкес келмейтiн актiлердi жоюға немесе өзгертуге мiндеттi.

2. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне өзі жүргізген тексерулер материалдарының негізінде, табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратын талдау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, уақытша өтемдік тарифті белгілейді. Табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын тексеру, талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап уақытша өтемдік тарифті енгізу жүзеге асырылады.

Қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364, 2004.12.09 N 9, 2010.03.15 № 255-IV, 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18-6 18-7 19 19-1 20 ...23 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Табиғи монополиялар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272