Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25 Табиғи монополиялар туралы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Табиғи монополиялар туралы
25-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы

1. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы: 

1) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуге қатысты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырумен; 

2) жария тыңдаулар өткізумен; 

3) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есептер беруін өткізумен; 

4) тұтынушылар мен уәкілетті органға тарифті қолданысқа енгізу туралы хабарлаумен; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізумен қамтамасыз етіледі. 

2. Табиғи монополия субъектісі осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімдерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және негіздемелермен бірге табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін, оның ішінде қаржылық есептілікті орналастырады. 

3. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында: 

1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін; 

2) уәкілетті органның құқықтық актілерін; 

3) осы баптың 7-тармағында белгіленген талаптарды ескере отырып, электрондық жеткізгіште ұсынылған қоса берілетін құжаттармен бірге өтінімді; 

4) бекітілген, белгіленген және айқындалған тарифтерді; 

5) бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды; 

6) табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін; 

7) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына берілген келісімдердің, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы қабылданған хабарламалардың тізілімін;  

8) табиғи монополиялар субъектілерін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулыларды; 

9) уәкілетті органның қатысуымен өткен талқылаулардың қорытындысы бойынша соттардың шешімдерін; 

10) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін; 

11) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін; 

12) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға қатысты өзге де ақпаратты орналастырады. 

4. Тарифтің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар шақырыла отырып өткізіледі. 

5. Уәкiлеттi орган мерзімді баспасөз басылымында – тарифтің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулардың өткізілетін күнi мен орны туралы ақпаратты олар өткізілетін күннен күнтізбелік отыз күн бұрын, ал өзінің интернет-ресурсында тарифтің жобасын талқылау бойынша өткізілген жария тыңдаулардың нәтижелерін, оның ішінде талқылаулардың стенограммаларын, қаралатын мәселелер бойынша қабылданған шешімдерімен бірге отырыстардың хаттамаларын олар өткізілген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде орналастырады. 

Егер жария тыңдаулар табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді белгілеуге өтінімдер қаралатын кезде өткізілсе, уәкілетті орган тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты қосымша жариялайды. 

Тариф индекстеу әдісімен белгіленген кезде және жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде тариф айқындалған кезде табиғи монополия субъектісі өзінің интернет-ресурсында не тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты оларды өткізуден күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырады. 

6. Табиғи монополия субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер беруді өткізеді. 

6-1. Табиғи монополия субъектілері уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестер тізілімін құру, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ақпарат береді. 

6-2. Табиғи монополиялар субъектілері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде: 

1) мыналар: 

резерв; 

белгіленген қуат және (немесе) сыйымдылық; 

бос және қолжетімді қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың бар-жоғы; 

желілердің өткізу қабілеттілігі; 

орналасқан жері (елді мекен көшелерінің атауын көрсете отырып); 

ұзындығы; 

брондалған қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны және олардың брондау мерзімдері; 

көрсетілетін қызметтерді түпкі тұтынушыларға ұсыну үшін технологиялық процесте пайдаланылатын бос емес қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны туралы ақпаратты;  

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемаларын машинамен оқылатын түрде орналастырады және (немесе) жаңартып отырады. 

7. Табиғи монополия субъектісі тарифті бекіту үшін және осы Заңда көзделген міндеттерін орындаған кезде ұсынған кез келген ақпарат коммерциялық деп танылмайды. 

8. Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беру жария тыңдау нысанында өткізіледі. 

9. Алда есеп беруді өткізу туралы хабарландыруды Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі – аптасына бір реттен сиретпей шығарылатын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында, ал Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі аптасына бір реттен сиретпей шығарылатын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында ол өткізілгенге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды және ол мынадай мәліметтерді қамтиды: 

1) табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері; 

2) есеп берудің өткізілетін күні мен орны; 

3) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі. 

10. Есеп беру өткізілуден бір ай бұрын табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға хабарлайды.  

11. Алдағы есеп беруді өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін табиғи монополия субъектісі осы баптың 13-тармағында көзделген ақпаратты есеп беру өткізілуден бес жұмыс күні бұрын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал ол болмаған жағдайда, уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынады. 

12. Табиғи монополия субъектісі есеп беруге қатысуға ниет білдіргендердің барлығына өткізілетін орынға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 

Жария тыңдаулар, табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептері онлайн-трансляция ұйымдастыру арқылы да жария тыңдауларға қатысушылардың кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етіле отырып өткізіледі. 

Елде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері, табиғи монополиялар субъектілері жария тыңдауларды, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептерді онлайн-трансляциялар арқылы өткізеді. 

Жария тыңдаулар онлайн-трансляциялар арқылы өткізілген кезде уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурста жария тыңдаулардың күнін, уақытын және онлайн-трансляцияға сілтемені көрсете отырып, алдағы жария тыңдау туралы хабарландыруды орналастырады. 

Егер табиғи монополия субъектісінің қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті аудитке жататын болса, оны бұқаралық ақпарат құралдарында осы баптың 2-тармағында көзделген орналастыру аудит аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады. 

13. Табиғи монополия субъектісінің сөйлейтін сөзі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес негіздемелері бар ақпаратты қамтуға тиіс. 

14. Табиғи монополия субъектісі тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы өз сөйлейтін сөзінде ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы толық түсіндірме береді.  

15. Осы баптың 2-тармағында, 5-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде және 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарында көзделген талаптар қуаты аз табиғи монополиялар субъектілеріне және жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды. 

Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР

Статья 1 ...24 24‑1 25 26 27 ...36

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться