Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 26 Табиғи монополиялар туралы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Табиғи монополиялар туралы
26-бап. Табиғи монополия субъектісінің құқықтары мен міндеттері

1. Табиғи монополия субъектісі: 

1) тұтынушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі белгілеген техникалық талаптардың сақталуын талап етуге; 

2) тарифтiң қолданылу кезеңiнде барлық тұтынушылар үшiн тарифтi төмендетуге; 

3) анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге немесе ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде пайда болған, іс-шаралар орындалған жағдайда бекітілген инвестициялық бағдарламада және бекітілген тарифтік сметада көзделген шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес билік етуге; 

4) тұтынушылардан көрсеткіштерді алу және пломбалауды жүзеге асыру үшін есепке алу аспабына қолжетімділікті талап етуге;  

5) уәкілетті органға – бекітілген тарифтік сметаға өзгерістер енгізу туралы өтінішпен, сондай-ақ уәкілетті және (немесе) өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге; 

6) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне өтініммен бір мезгілде тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерінің жобасын ұсынуға; 

7) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектері шеңберінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерді дербес төмендетуге және жоғарылатуға; 

8) уәкілетті органға тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектеріне өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге;  

9) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес реттелетін қызметтерді көрсетуге және реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруға; 

10) уәкілетті органның құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, жаңаларын қабылдау немесе қолданыстағыларының күшін жою туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге;  

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқамаға шағым жасауға; 

12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге құқықтарды иеленуге құқылы.  

2. Табиғи монополия субъектісі: 

1) уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы, одан алып тастау туралы, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтінішпен жүгінуге; 

2) уәкілетті органға осы Заңға сәйкес өтініммен жүгінуге; 

3) осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға; 

4) осы Заңның 24-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға; 

5) тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға; 

6) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілемеуге; 

7) тұтынушылардан өзі ұсынатын табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшiн төлемдерді өз кассалары және (немесе) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар немесе терминалдар, ал қажет болған жағдайда төлем агенттері және (немесе) төлем ұйымдары арқылы қабылдауды қамтамасыз етуге; 

8) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен үлгiлік шарттарға сәйкес жеке шарттар жасасуға; 

8-1) үлгілік шартқа сәйкес астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шарттарын электрондық нысанда ғана жасасуға; 

9) реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу тәртібіне сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдiстемелерiн әзiрлеуге және бекітуге; 

10) реттеліп көрсетілетін қызметтердiң әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзуге;  

11) сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге; 

12) тариф, реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары туралы ақпаратты тұтынушылардың талабы бойынша ұсынуға; 

13) бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп беруге;  

14) осы Заңда белгіленген мерзімдерде тұтынушыларға тариф, оның өзгергені туралы хабарлауға; 

15) бекітілген тарифтік сметаның шығындар баптарын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерлердің бес пайызынан аз орындамауды және осы Заңның 33-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген тарифтік сметаны орындауға; 

16) осы Заңның 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға; 

17) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді электрондық нысанда, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті электрондық нысанда ұсынуға; 

18) тариф бекітілген кезде шығындары есепке алынған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 23-бабына сәйкес сатып алуды жүзеге асыруға; 

18-1) сатып алу бойынша ақпаратқа бірыңғай қол жеткізу нүктесін қалыптастыру мақсатында электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылатын сатып алу туралы ақпаратты, мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіне беруді қамтамасыз етуге; 

19) тұтынушылардың талабы бойынша бекітілген тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламада қамтылған ақпаратты ұсынуға; 

20) тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып тариф бекітілген кезде жыл сайын, есепті кезеңнің 1 мамырынан кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға есепті жылда нақты қол жеткізілген кірістер, шығыстар, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді ұсынуға; 

21) мыналарды: 

бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің резерві, бар-жоғы туралы ақпаратты; 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді және осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемасын; 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты (объектілер орналасқан жерлері, фото-бейне түсірілімдермен қоса орындалу сатылары, инвестициялық бағдарламалардың іс-шараларын орындау мерзімдері және құны) тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында орналастыруға не ол болмаған жағдайда уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынуға; 

22) уәкілетті органның талабы бойынша қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынуға; 

23) уәкілетті органға тариф, оның өзгергені туралы ол қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабарлауға; 

24) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес осы Заңның 25-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімдердегі тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында есеп беру өткізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей орналастыруға; 

24-1) уәкілетті органмен табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын келісуге; 

24-2) табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын уәкілетті органмен келісуге; 

24-3) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін кредиттік келісімдерді уәкілетті органмен келісуге; 

25) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы табиғи монополиялар саларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі есепті мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында есеп беру өткізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жыл сайын орналастыруға; 

26) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды және осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген реттелетін қызметті қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну, табиғи монополия субъектісінің сенімгерлік басқаруға берілетін активтерін кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды сенімгерлік басқаруға беру кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға, лизингті қоса алғанда, мүліктік жалдауға (жалға алуға) бермеуге міндетті. 

Шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды сенімгерлік басқаруға берген жағдайда, сенімгерлік басқарушы суды каналдар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уәкілетті орган бекіткен тариф деңгейінен аспайтын бағада каналдар бойынша су беру жөнінде қызметтер көрсетеді; 

27) тарифтің жоғарылауына алып келмеген жағдайда, арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелері бойынша талап ету құқығын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке байланысты талап ету құқығын басқаға бермеуге; 

28) мүлікті мемлекет меншігіне беру, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 13-1-бабының 1-тармағында көрсетілген электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің электр желілерін беру жағдайларын қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сауда-саттықта иеліктен шығаруға міндетті. 

Реттеліп көрсетілетін қызметтері табиғи монополия саласына жатқызылатын кірме жол иеліктен шығарылған жағдайда, осы кірме жолды иеленуші: 

кірме жолдар қызметтерін көрсетуге жасалған шарттары бар тұтынушыларды тендер өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тендердің өткізілетіні туралы жазбаша хабардар етуге; 

тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алу шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, жұмыс істеп жүрген тұтынушыға үшінші тұлғалар алдында оны сатып алу бойынша артықшылық құқық беруге міндетті. 

Жұмыс істеп тұрған тұтынушылар екі және одан көп болған кезде артықшылық құқық, тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алу шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, соңғы он екі айда реттеліп көрсетілетін қызметтердің үлкен көлемін (мың вагон/км, вагон/сағат) алған тұтынушыға беріледі. 

29) реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты емес шығындарды тарифке қоспауға; 

30) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау мен беру жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспаптарын тұтынушыларға сатып алу мен орнатуға; 

31) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау мен беру жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспабын сатып алғаны және орнатқаны үшін тұтынушылардан төлемақы алуға; 

32) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген тұлғаларға бекітілген инвестициялық бағдарлама объектілеріне қолжетімділікті және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етуге; 

33) кірме жолдың жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға арналған құрылысжайларын, құрылғылары мен элементтерін пайдаланғаны үшін жеке төлемақы алмауға; 

34) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар қызметтерін көрсеткені үшін тұтынушыға (контрагентке) дейінгі нақты ұзындығы бойынша төлемақы алуға; 

35) кредиттік бюроға коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы туралы ақпарат беруге міндетті. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 10) 13), 18), 21), 24), 25) және 29) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаты аз табиғи монополиялар субъектілеріне және жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды. 

Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 295-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...24‑1 25 26 27 28 ...36

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться