Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы
6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары



Ст. 6 Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272



Табиғи монополия субъектiсiнiң:

1) заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;

1-1) барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;

1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға;

1-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға)  тарифтi(бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекiтуге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi органның қарауына уәкілетті орган белгілеген жағдайларда және тәртіппен ұсынуға;

1-4) реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшiн тұтынушылардан уәкiлеттi органмен келiсiлген ақы алуға;

2) уәкiлеттi орган шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң iс-әрекетi мен құқықтық мәртебесi мәселелерiн қозғайтын ұсыныстар енгiзуге;

3) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағымдануға;

4) басқа субъектiлердiң өз iс-әрекетiне, табысына, меншiгiне немесе құқықтық мәртебесiне әсер ететiн әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;

5) заң белгiленген тәртiппен өзiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнен шығару туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға;

5-1) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығынының құны көбейтiлсе, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өсiруге;

5-2) осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасына сәйкес пайдаланылатын қаражатты қоспағанда, неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес иелік етуге;

6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.12.26 N 364; 2004.12.09 N 9; 2006.07.05 N 166, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 7-1 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272