Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы
7-4-бап. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектілерінің қаржылық есептілігін, есептерін, хабарламалары мен ақпаратын қабылдау



Ст. 7-4 Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272



 РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектілерінің қаржылық есептілігі, есептері, хабарламалары мен ақпараты уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімдерде беріледі.

2. Қаржылық есептілікті, есептерді, хабарламалар мен ақпаратты уәкілетті органға берген күн олардың берілу тәсіліне қарай:

1) келу тәртібімен - уәкілетті органның қабылдау туралы белгі қойған күні;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгі қойған күні;

3) электрондық құжат түрінде – қабылдау туралы электрондық хабарламада көрсетілген, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылдаған күн болып табылады.

3. Пошта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау уақыты мен күнінің белгісі болған кезде мерзімінде берілді деп есептеледі.

Уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы берілген, электрондық құжат түріндегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат мерзімінде берілді деп есептеледі.

4. Қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат электрондық құжат түрінде берілген кезде уәкілетті орган бұлар электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия, реттелетін нарық субъектісіне қабылдағаны туралы электрондық хабарлама жіберуге міндетті.

 Ескерту. Заң 7-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.03.15 № 255-IV Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...7-2 7-3 7-4 8 9 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-4-бап Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272