Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 11 Қаржы лизингi туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

Қаржы лизингi туралы
11-бап. Лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Лизинг берушi:  

1) өзiне тиесiлi төленбеген лизинг төлемдерiн, сондай-ақ шығынның орнын толтыруды талап етуге;  

2) лизинг шартына сәйкес лизинг алушының лизинг шартының талаптарын орындауына бақылау жасауға;  

3) лизинг алушы лизинг нысанасын қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзған жағдайда мерзiмi кешiктiрiлген уақытқа төлем жасауды және шығынның орнын толтыруды талап етуге;  

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда лизинг алушыдан лизинг нысанасын талап етуге құқылы.  

2. Лизинг берушi:  

1) лизинг алушымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшiн оны сатушыдан өз меншiгiне сатып алуға;  

2) сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгiлi бiр лизинг алушыға (сублизинг алушыға) лизингке беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға;  

2-1) лизинг нысанасы жаңа лизинг алушының иеленуi мен пайдалануына берiлгенi (қайталама лизинг, сублизинг, мiндеттемедегi тұлғалардың өзгеруi) туралы осындай берiлу кезiнен бастап бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша сатушыны жазбаша хабардар етуге;  

3) лизинг нысанасын лизинг алушыға лизинг шартында келiсiлген талаптармен беруге; 

4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтер мен ақпаратты хабарлауға міндетті. 

3. Лизинг шартында лизинг берушінiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.  

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10. N 532; 02.08.2015 № 343-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі Заңдарымен.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...26

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Қаржы лизингi туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78