Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қаржы лизингi туралы
20-бап. Лизинг нысанасына байланысты мүлiктiк тәуекелдер



Ст. 20 Қаржы лизингi туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78



1. Лизинг нысанасының сақталуы үшiн, сондай-ақ оны техникалық құжаттамада көзделген көлемде пайдалануға болмайтын жағдайға әкеп соқтырған оның жойылуына, жоғалуына, бүлiнуiне, мерзiмiнен бұрын қирауына, ұрлануына және лизинг нысанасын монтаждау, жинау немесе пайдалану кезiнде жiберiлген ағаттықтарға байланысты тәуекелдер және лизинг нысанасын нақты қабылдау кезiндегi басқа да мүлiктiк тәуекелдер үшiн жауапкершiлiктi, егер шартта өзгеше көзделмесе, лизинг алушы мойнына алады.  

2. Лизинг шартында лизинг берушiнiң немесе лизинг алушының лизинг нысанасын сақтандыру жөнiндегi мiндетi көзделуi мүмкiн.  

3. Егер лизинг нысанасын сақтандыруға мiндеттi тарап лизинг шартының талаптарына сәйкес сақтандыруды жүзеге асырмаған болса басқа тарап лизинг нысанасын сақтандырып, мiндеттi тараптан сақтандыру төлемi түрiндегi шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.  

4. Лизинг нысанасының жойылуы, жоғалуы, бүлiнуi, ұрлануы немесе лизинг нысанасының өз функцияларын жоғалтуы немесе егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты мүлiк пайдалануға жарамсыз күйде болса, лизинг алушыны лизинг шарты бойынша мiндеттемелерден босатпайды және, егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушының талабы бойынша лизинг шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға негiз болып табылмайды.

Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қаржы лизингi туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-бап Қаржы лизингi туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78