Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қаржы лизингi туралы

Қаржы лизингi туралы
4-бап. Лизинг нысанасы



Ст. 4 Қаржы лизингi туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78



1. Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар - лизинг нысанасы бола алады.  

2. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.  

3. Заң актiлерiнде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн.  

4. Лизинг берушiнiң меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда оны лизинг беруші басқа лизинг алушының лизингіне одан әрi беру үшiн пайдалануы мүмкiн.

Мұндай лизинг нысанасын лизингке одан әрi берген кезде сатушыны және лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушi жүзеге асырды деп есептеледi.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Қаржы лизингi туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78