Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 11 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Дене шынықтыру және спорт туралы
11-бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу

1. Республикалық, өңірлік және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады. 

2. Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелері болып табылуға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс. 

2-1. Паралимпиадалық спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелері болып табылуға және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті тануға тиіс. 

3. Ұлттық спорт түрі (түрлері) бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасы атынан халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті тануға тиіс. 

4. Қазақстан Республикасы облыстарының кемінде жартысының аумақтарында дамыту жүзеге асырылатын, спорт түрлерінің аккредиттеу тәртібімен белгіленген ерекшеліктеріне байланысты өңірлік спорт федерациясы республикалық спорт федерациясының мәртебесін иеленеді. 

Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.05.2017 № 65-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...59

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V