Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Дене шынықтыру және спорт туралы
12-бап. Аккредиттелген спорт федерацияларының құқықтары мен міндеттері

1. Аккредиттелген республикалық және өңірлік спорт федерациялары: 

1) тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге; 

2) спорт түрі (түрлері) бойынша спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге; 

3) құзыреті шегінде спортшылардың бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқасына ауысуын ұйымдастыруға қатысуға; 

4) тиісті халықаралық жарыстарды өткізетін халықаралық спорт ұйымдарының нормаларына сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) үшін қатысуға құқығы жоқ спортшылардың тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстарға қатысуына шектеулер белгілеуге; 

5) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) нышандарын пайдаланудың барлық құқықтарын иеленуге; 

6) спорт салаларын спорт түрлерінің тізіліміне қосу туралы ұсыныстар енгізуге; 

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған әртүрлі көздерден тиісті спорт түрлерін дамыту үшін ұсынылған қаржылық және өзге де қолдауды қабылдауға; 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

2. Аккредиттелген республикалық және өңірлік спорт федерациялары: 

1) спорт түрлерін дамытуға және кеңінен таратуға; 

2) халықаралық спорт ұйымдарының (болған кезде) талаптарына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша қағидаларды әзірлеуге және бекітуге; 

3) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын әзірлеуге; 

4) аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) әзірлеуге және оларды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бекітуіне ұсынуға; 

5) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) халықаралық спорттық жарыстарға даярлығын және оларға қатысуын қамтамасыз етуге; 

6) халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға тиісті спорт түрлері бойынша ардагер спортшылардың даярлығын және оларға қатысуын қамтамасыз етуге; 

7) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға тиісті спорт түрлерін дамыту жөнінде ақпарат беруге; 

8) спорттағы кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарының көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға; 

9) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін әзірлеуге және іске асыруға; 

10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға бірыңғай спорттық сыныптамаға енгізу мақсатында спорттың тиісті түрлерiне қойылатын талаптар мен нормаларды және жаттықтырушыларды аттестаттау бойынша біліктілік талаптарын белгіленген тәртіппен ұсынуға; 

11) спорт түрлері бойынша спорт төрешілерін даярлауды жүзеге асыруға; 

12) жаттықтырушыларды қайта даярлауды, жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды аттестаттауды жүзеге асыруға; 

13) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық атақтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынуға; 

13-1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға; 

13-2) спорттық атақтар, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға ұсынылатын құжаттарды келісуге; 

14) спортшыларды тіркеуді жүргізуге; 

15) спортшылардың, аттестатталған спорт төрешілерінің, жаттықтырушылардың тізілімін жүргізуге; 

16) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес допингті пайдалануға қарсы іс-қимыл жасауға; 

17) Қазақстан Республикасының және тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерацияларының допингке қарсы қағидаларын қазақ және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруға; 

18) жарыс кезеңінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеу өткізу мақсатында спортшылардың тізімін қалыптастыру үшін ұлттық допингке қарсы ұйымға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес беруге; 

19) спортшыларды Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес оларды жарыс кезеңінде де, сондай-ақ жарыстан тыс кезеңде де тестілеуге жататын спортшылардың тізіміне енгізілгені туралы хабардар етуге; 

20) допингке қарсы қағидаларға сәйкес спортшыларды тестілеуден өткізуге жәрдемдесуге; 

21) тиісті допингке қарсы ұйымның және (немесе) халықаралық спорт федерациясының шешімі негізінде және оны орындау үшін спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін спортшыларды, жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды, спорттық медицина жөніндегі мамандарды, спорт төрешілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, спорттық жарысқа қатысатын жануарларды дисквалификациялауға; 

22) дисквалификациялау туралы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға, ұлттық допингке қарсы ұйымға, тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациясына ақпарат беруге; 

23) әдістемелік жұмыс нәтижелерінің негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға спорт түрін дамыту жөнінде ұсынымдар беруге; 

24) егер осы шарттар халықаралық спорт федерацияларының талаптарында көзделсе, кәсіпқой спортты дамыту жөніндегі міндеттерді орындауға; 

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына және өз жарғыларына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 

3. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары: 

1) тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге; 

2) құзыреті шегінде спортшылардың бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқасына ауысуын ұйымдастыруға қатысуға; 

3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына спорт түрінің (түрлерінің) дамуы туралы ақпарат жіберуге; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған әртүрлі көздерден тиісті спорт түрлерін дамыту үшін ұсынылған қаржылық және өзге де қолдауды қабылдауға; 

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

4. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары: 

1) спорт түрін дамытуға және кеңінен таратуға; 

2) спортшыларды тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша даярлау жоспарларын әзірлеуге; 

3) аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) әзірлеуге және оларды жергілікті атқарушы органның бекітуіне ұсынуға; 

4) спортшылардың спорттық жарыстарға даярлығын және оларға қатысуын қамтамасыз етуге; 

5) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға тиісті спорт түрлерін дамыту жөнінде ақпарат ұсынуға; 

6) спорттағы кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарының көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға; 

7) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін әзірлеуге және іске асыруға қатысуға; 

8) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес допингті пайдалануға қарсы іс-қимыл жасауға; 

9) Қазақстан Республикасының және тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерацияларының допингке қарсы қағидаларын қазақ және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруға; 

10) жарыс кезеңінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеу өткізу мақсатында спортшылардың тізімін қалыптастыру үшін ұлттық допингке қарсы ұйымға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес беруге; 

11) спортшыларды Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес оларды жарыс кезеңінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеуге жататын спортшылардың тізіміне енгізілгені туралы хабардар етуге; 

12) допинг-бақылау жүргізу тәртібіне сәйкес тестілеу өткізуге жәрдемдесуге; 

13) тиісті допингке қарсы ұйымның және (немесе) халықаралық спорт федерациясының шешімі негізінде және оны орындау үшін спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін спортшыларды, жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды, спорттық медицина жөніндегі мамандарды, спорт төрешілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, спорттық жарысқа қатысатын жануарларды дисквалификациялауға; 

14) дисквалификациялау туралы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға, ұлттық допингке қарсы ұйымға, тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациясына ақпарат беруге; 

15) әдістемелік жұмыс нәтижелерінің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына спорт түрлерін дамыту жөнінде ұсынымдар беруге; 

15-1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға; 

15-2) спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатын құжаттарды келісуге; 

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына және өз жарғыларына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 

Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.12.2019 № 280-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...10 11 12 13 13‑1 ...59

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться