Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Дене шынықтыру және спорт туралы
17-бап. Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру және спорт



Ст. 17 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V



1. Заңды тұлғалар жұмыскерлердi сауықтыру бойынша дене шынықтыруды дамыту үшін қаражат көздей алады және жеке адамдардың дене шынықтырумен және спортпен айналысу құқықтарын iске асыруына жағдайлар жасайды.

2. Жұмыскерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жеке және ұжымдық дене шынықтыру-спорт сабақтарын ұйымдастыру үшiн материалдық база құру, оны пайдалану, қаржыландыру, мамандармен қамтамасыз ету ұжымдық шарттарда және (немесе) заңды тұлғаның басқару органының шешімімен айқындалады және (немесе) оны дара кәсіпкер айқындайды.

3. Еңбек ұжымдарында ерікті негізде және салалық қағидат бойынша спортпен айналысу үшін жеке адамдарды біріктіретін ведомстволық дене шынықтыру-спорт қоғамдары құрылуы мүмкін.

4. Қоғамдардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны және олардың қызмет тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V