Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Дене шынықтыру және спорт туралы
21-бап. Ұлттық спорт түрлері



Ст. 21 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V



1. Ұлттық спорт түрлері спорттың ажырамас бір бөлігі болып табылады, оның танылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары спорт клубтарын, мектептерін, секцияларын ашу, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде спорттық іс-шараларды өткізу, ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға спортшыларды даярлау және олардың қатысуы, тиісті инфрақұрылым жасау арқылы ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз етеді.

3. Ұлттық спорт түрлері бойынша сабақтарды ұйымдастыру, кадрларды даярлау, әдістемелік, медициналық және допингке қарсы қамтамасыз ету, спорттық атақтар мен разрядтарды, жаттықтырушы біліктіліктерін және спорт төрешілерінің санаттарын беру осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық спорт федерацияларымен бірлесіп, халықаралық және республикалық жарыстарды өткізуді, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V