Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 33 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Дене шынықтыру және спорт туралы
33-бап. Мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және арнаулы олимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлау

Ескерту. 33-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарда тең сайыс жағдайларын жасау мақсатында ұйымдастырушылар сыныптаушылардың шығыстарын жабуды қоса алғанда, тиісті жарыстарға қатысуға мәлімделген мүгедектігі бар спортшыларға олардың функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейі бойынша сыныптау жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті. 

2. Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізу тәртібі мен шарттарын Халықаралық паралимпиада комитетінің және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті халықаралық спорт ұйымдарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары әзірлейді. 

3. Сыныптау жүргізуді Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті берген тиісті құжаты бар сыныптаушы жүзеге асырады. 

3-1. Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізген кезде ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасынан немесе шет мемлекеттерден сыныптаушыларды тартады. 

4. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлауды паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары Халықаралық паралимпиада комитетінің немесе паралимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорт ұйымдарының ұсынуы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырады. 

5. Сурдлимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт төрешілерін даярлауды сурдлимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және Халықаралық арнайы олимпиада комитетінің ұсынуы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен спорт төрешілерін даярлау жөніндегі оқыту семинарларының жоспарларына сәйкес жүзеге асырады. 

Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.05.2017 № 65-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 13.12.2019 № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...59

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться