Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Дене шынықтыру және спорт туралы

Дене шынықтыру және спорт туралы
38-бап. Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары



Ст. 38 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V



1. Республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі және спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық федерациялармен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.

2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық спорттық жарыстар халықаралық спорт ұйымдарының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі. Бұл жарыстар спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбесіне енгізіледі.

3. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және аккредиттелген тиісті жергілікті спорт федерацияларымен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өңірлік бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.

4. Спортық жарыстар спорт түрлерінің тізіліміне енгізілген спорт түрлері бойынша жарыстар туралы ереженің (регламенттің) негізінде өткізіледі.

5. Халықаралық спорттық жарыстар дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аккредиттелген республикалық спорт федерациялары әзірлейтін және бекітетін жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі.

6. Республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аккредиттелген республикалық федерациялар әзірлейтін және бекітетін жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі.

7. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлейді және оны жергілікті атқарушы орган бекітеді.

8. Спорттық іс-шараларды, оның ішінде оқу-жаттығу жиындарын өткізу тәртібін, спорттық іс-шаралар түрлерінің тізбесі мен олардың сыныптамасын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

9. Міндетті медициналық тексеруден өткен спортшылардың оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шараларға қатысуға құқығы бар.

10. Спорт федерациялары, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібін сақтауын, сондай-ақ, спортшылардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтінін білуін қамтамасыз етуге міндетті.

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...59 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 38-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V