Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Дене шынықтыру және спорт туралы
41-бап. Жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін аттестаттау



Ст. 41 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V




1. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды аттестаттау жаттықтырушылардың спортшыларды даярлау бойынша жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында, қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша білімін қоса алғанда, жаттықтырушылардың тиісті спорт түрі саласындағы тиісті біліктілігі мен білімін тану және растау рәсімі болып табылады.

2. Спорт төрешілерін аттестаттау спорттық іс-шараларда төрешілік жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында спорт төрешілерінің тиісті спорт түрі саласындағы тиісті біліктілігі мен білімін тану және растау рәсімі болып табылады.

3. Аттестаттауды аккредиттелген республикалық спорт федерациялары жүргізеді.

4. Осы Заңның 35-бабының 1 және 4-тармақтарында көзделген спорттық атақ немесе біліктілік санатын алған жаттықтырушылар мен спорт төрешілері аттестатталуға жатпайды.

5. Жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін аттестаттау нәтижелері бойынша оларға төрт жыл мерзімге аттестаттау туралы куәлік беріледі.


Статья 1 ...39 40 41 42 43 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 41-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V