Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Дене шынықтыру және спорт туралы

Дене шынықтыру және спорт туралы
42-бап. Дене шынықтыру мен спортты дамытуды ғылыми-әдістемелік және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету



Ст. 42 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V



1. Дене шынықтыру мен спорт саласында іргелі, іздестіру, тәжірибелік-конструкторлық, технологиялық, қолданбалы және басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді белгіленген тәртіппен құрылған және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, дене шынықтыру мен спорт саласындағы білім беру мекемелері жүзеге асырады.

2. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар жанындағы кешенді ғылыми топтардың, уақытша ғылыми ұжымдардың қызметін үйлестіреді.

3. Жергілікті атқарушы органдар өңірлік ғылыми-әдістемелік бірлестіктердің, кешенді ғылыми топтардың қызметін үйлестіреді.

Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...59 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 42-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V