Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Дене шынықтыру және спорт туралы
46-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау

Ст. 46 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мемлекет ай сайынғы төлемдерді білдіретін өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету түрінде (бұдан әрі – материалдық қамтамасыз ету) спортшылар мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды жүзеге асырады. 

2. Материалдық қамтамасыз етуді алу құқығына кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар мына спортшылар мен жаттықтырушылар ие: 

1) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олипиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атағын жеңіп алған спортшылар; 

2) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олипиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атағын жеңіп алған спортшыларды даярлаған жаттықтырушылар. 

3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген бірнеше негіздер бойынша бір мезгілде материалдық қамтамасыз етуді алуға құқығы бар адамдарға материалдық қамтамасыз ету ең жоғары мөлшерде негіздердің тек біреуі бойынша ғана төленеді.
Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...59

Перейти к статье






Добавить комментарий к 46-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V