Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Дене шынықтыру және спорт туралы

Дене шынықтыру және спорт туралы
7-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi



Ст. 7 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V



Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган:

1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты, салааралық үйлестiруді және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;

4) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргiзедi;

5) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;

6) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

7) аккредиттелген республикалық федерациялармен бірлесе отырып, спорт түрлері, оның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері бойынша, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;

8) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерiн халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

9) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;

10) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

11) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады;

12) спортшылар мен жаттықтырушыларға: «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын береді;

13) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

14) республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады;

15) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

16) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлық және оған қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету нормативтерін әзірлейді;

17) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекітеді;

18) халықаралық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелерiн ақшалай көтермелеу төлемдерінің қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді;

19) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді және төлемдерін қамтамасыз етеді;

20) дене шынықтыру және спорт сабақтарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;

21) спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекітеді;

22) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;

23) аккредиттелген республикалық федерациялардың ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекітеді;

24) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекітеді;

25) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекітеді;

26) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін бекітеді және олардың сыныптамасын айқындайды;

27) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекітеді;

28) спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысу қағидаларын бекiтедi;

29) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

30) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын жыл сайын бекітеді;

31) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

32) спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекітеді;

33) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және мемлекеттік жаттықтырушыларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

34) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырады;

36) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау және оған қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз етеді;

37) спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

38) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

39) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;

40) оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін үлгілік штаттарды бекітеді;

41) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

42) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

43) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидаларын бекітеді;

44) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізеді;

45) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарына «Үздік» номинациясында атақтар беру қағидаларын бекітеді;

46) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын әзірлейді;

47) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекітеді;

48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидаларын бекітеді;

49) олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келіседі;

50) олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын келіседі;

51) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

52) жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекітеді;

53) халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекітеді;

54) спорттық іс-шаралардың шығыстар құрылымын бекітеді;

55) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі мен шарттарын бекітеді;

56) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдары бойынша ұсыныстар енгізеді;

57) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

58) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарын әзірлейді, жасасады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;

59) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

60) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

61) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;

Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...59 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V