Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Дене шынықтыру және спорт туралы
9-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау



Ст. 9 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V



1. Дене шынықтыру мен спорт, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдар, дене шынықтыру-спорт ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары халықтың әртүрлі топтарының жас шамасын, кәсіби және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асырады, дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік маңызын ашуды, ұлтты сауықтырудағы, жеке адамдардың саламатты өмір салтын қалыптастырудағы олардың рөлін қамтамасыз етеді.

2. Бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органдар, дене шынықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бірлестіктер дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізеді, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттырады. 
3-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ ЖҮЙЕСІ

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V