Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Ұлттық әл-ауқат қоры туралы 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV



Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жанама иелену – Қордың әрбір келесі ұйымының өзге ұйымның акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында иеленуі;

2) компаниялар – ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі басқа да заңды тұлғалар;

3) Қордың даму стратегиясы – Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайтуға, Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқаруға бағытталған, Қордың компанияларды басқару жөніндегі миссиясын, болжап көруін, мақсаты мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;

4) Қордың тобы – Қор, компаниялар, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы компанияларға тиесілі олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы компаниялардың көрсетілген еншілес ұйымдарына тиесілі, осы Заңмен өздеріне қатысты арнаулы құқықтық жағдай белгіленетін заңды тұлғалар.

Қордың тобына:

кепілге салынған акцияларын (қатысу үлестерін) сату жөніндегі сауда-саттық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өткізілмеді деп жарияланған кезде акциялары (қатысу үлестері) Қордың тобына кіретін банктің меншігіне келіп түскен заңды тұлғалар;

банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қордың меншігіне келіп түскен банктер кірмейді;

5) Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) – ұлттық басқарушы холдинг.

Статья 1 2 3 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ұлттық әл-ауқат қоры туралы 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Ұлттық әл-ауқат қоры туралы 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV